Қазақстан мен Украина федерацияларының басшылары кездесті

Қазақстан мен Украина федерацияларының басшылары кездесті

01 қыркүйек 2021, 15:30
​​​​​​​Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков Нұр-Сұлтан қаласындағы «Футбол үйінде» Украина футбол ассоциациясының басшылығын қабылдады.

Қазақстан – Украина матчының алдында қос федерация басшылығы емен-жарқын кездесу өткізіп, сый-сияпаттар табыстады. Украина футбол одағының президенті Андрей Павелко бастаған делегация құрамында УФА Бас хатшысы Юрий Зописоцкий мен атақты футболшы Олег Протасов болды. Бас қосуға сонымен қатар ФИФА комиссары Вахтанг Бзикадзе де қатысты.   

Қазақстан мен Украина тарапы екі елдің футбол мәселесіндегі ұқсастықтары мен алдағы уақыттағы даму стратегияларын талқылап, бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Бөлісу
Жоғары