Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан жастар құрамасына шақыртылды

Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан жастар құрамасына шақыртылды

30 тамыз 2021, 19:54
Қазақстан жастар құрамасының Данияға қарсы ойнайтын құрама тізіміне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Жартылай қорғаушы Максим Самородов пен шабуылшы Мирас Тұрлыбектің жарақат алуына байланысты Қазақстан жастар құрамасы сапында өзгерістер орын алды.

Олардың орнына «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет пен «Шахтер» командасының шабуылшысы Иван Свиридов шақыртылды.

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу жарысын 7 қыркүйек күні өз алаңында Данияға қарсы матчтан бастайды.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу
Жоғары