Туған күніңізбен, Сейілдә Икрамұлы!

Туған күніңізбен, Сейілдә Икрамұлы!

28 тамыз 2021, 11:07
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин аты аңызға айналған ардагер Сейілдә Байшақовты туған күнімен құттықтады.

Құрметті Сейілдә Икрамұлы!

Сізді бүгінгі келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймыз! Сіз қазақ футболының аңызға айналған тұлғасысыз. Өткен ғасырдың екінші жартысында жасыл алаңға шығып, ұлтымыздың намысын қорғадыңыз. Кеңес тұсында қазақ жастарының да футболды ешкімнен кем меңгермегенін көрсете алдыңыз. Сейілдә Байшақов секілді болсам деп армандаған миллиондаған жас жеткіншектің пірі болдыңыз. Жетпістен асқан шағыңызда бала-шағаңыздың ортасында немере сүйіп отырған жайыңыз бар.

Сонымен қатар, қазақ футболының одан әрі дамуына үлес қосып, қоғамдық іс-шараларға ат салысып жүрсіз. Еліміздегі ардагерлер футболының дамуына да септігіңізді тигізіп келе жатырсыз! Біз, Қазақстан футбол федерациясы, Сіздің осы кезге дейін жасаған еңбегіңізді ескеріп, елеп жүретінімізді айтқымыз келеді. Осы қарқыныңыздан таймай, ел үшін еңбек ете беріңіз. Сізге зор денсаулық, үзақ өмір, мол бақыт тілейміз!

Құрметпен ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин

Бөлісу
Жоғары