Әділбек Жақсыбеков футзал құрамасымен кездесті

Әділбек Жақсыбеков футзал құрамасымен кездесті

27 тамыз 2021, 15:22
Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын қабылдады.

Футбол үйінде өткен кездесуде бас бапкер Рикардо Каканың шәкірттері толық жиналды.

ҚФФ басшысы Әділбек Рыскелдіұлы Литвада өтетін Әлем Чемпионатында оң нәтиже күтетінін айтып, ақ жол тіледі! 

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы ертең елордадағы жаттығу жиынын аяқтап, дайындықты Ресей астанасы Мәскеуде жалғастырады.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу
Жоғары