Георгий Жуков Қазақстан құрамасына шақырту алды

Георгий Жуков Қазақстан құрамасына шақырту алды

27 тамыз 2021, 16:37
Польшаның «Висла» командасында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасына шақырту алды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Георгий Жуковты ұлттық құрама қатарына қайта шақырды.

Ол еліміздің басты командасында 15 ойын өткізген. Жуков соңғы рет 2019 жылдың 13 қазан күні Бельгияға қарсы матчта алаңға шыққан еді. Георгий Польша чемпионатында өнер көрсететін «Висла» Краков командасында ойнайды. Биылғы маусымда жартылай қорғаушы 2 ойынға да қатысқанын айта кетейік.

Бөлісу
Жоғары