Қазақстан – Украина матчы жанкүйерлермен өтеді

Қазақстан – Украина матчы жанкүйерлермен өтеді

28 тамыз 2021, 00:36
1 қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен кездеседі.

Ведомствоаралық комиссия мен елорданың бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қазақстан – Украина матчына ASHYQ қосымшасы арқылы стадионның 30 пайызына жанкүйер кірсе болады.

Билеттер сатылымы 28 тамыз күні zakazbiletov.kz сайтында басталады.

Назар аударыңыз! Билеттерді тек онлайн режимінде сатып алуға болады. Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін «Астана Арена» стадионының кассаларында билеттер сатылмайды.

Стадионға кіру ASHYQ қосымшасы арқылы жүзеге асыралады. Жанкүйерлер әлеуметтік қашықтықты сақтап, медициналық бетперде тағуы тиіс.

Бөлісу
Жоғары