Қазақстан – Украина матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан – Украина матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

28 тамыз 2021, 13:00
Қазақстан футбол федерациясы 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Украина матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан – Украина матчына стадионның 30 пайызына жанкүйер кірсе болады.

Назар аударыңыз! Билеттерді тек онлайн режимінде сатып алуға болады. Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін «Астана Арена» стадионының кассаларында билеттер сатылмайды.

Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алсаңыздар болады.

Бөлісу
Жоғары