Қазақстан жастар құрамасының Данияға қарсы ойыны жанкүйерлермен өтеді

Қазақстан жастар құрамасының Данияға қарсы ойыны жанкүйерлермен өтеді

03 қыркүйек 2021, 17:18
7 қыркүйекте Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Даниямен кездеседі.

Елорданың бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қазақстан U21 – Дания U21 матчына ASHYQ қосымшасы арқылы стадионның 20 пайызына жанкүйер кірсе болады.

Билеттер сатылымы 4 қыркүйек күні zakazbiletov.kz сайтында басталады.

Назар аударыңыз! Билеттерді тек онлайн режимінде сатып алуға болады. Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін «Астана Арена» стадионының кассаларында билеттер сатылмайды.

Стадионға кіру ASHYQ қосымшасы арқылы жүзеге асыралады. Жанкүйерлер әлеуметтік қашықтықты сақтап, медициналық бетперде тағуы тиіс.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу
Жоғары