Қазақстан U-21 – Дания U-21 матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан U-21 – Дания U-21 матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

04 қыркүйек 2021, 19:19
Қазақстан футбол федерациясы 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Дания матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Еске сала кетейік, елорданың бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қазақстан U21 – Дания U21 матчына ASHYQ қосымшасы арқылы стадионның 20 пайызына жанкүйер кірсе болады.

Назар аударыңыз! Билеттерді тек онлайн режимінде сатып алуға болады. Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін «Астана Арена» стадионының кассаларында билеттер сатылмайды.

Стадионға кіру ASHYQ қосымшасы арқылы жүзеге асыралады. Жанкүйерлер әлеуметтік қашықтықты сақтап, медициналық бетперде тағуы тиіс.

Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алсаңыздар болады.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары