ҚФФ Техникалық орталығы Түркияда семинар өткізді

ҚФФ Техникалық орталығы Түркияда семинар өткізді

22 ақпан 2022, 17:05
Техникалық орталықтан білім алып жатқан мамандар «PRO» UEFA категориясы бойынша бапкерлерге арналған курс аясында 10-18 ақпан аралығында Түркияның Белек қаласында тағылымдамадан өтті.

Семинарға қатысушылар ресейлік, украиналық және қазақстандық клубтардың оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты. Олардың арасында «Ахмат», «Рубин», «Сочи», «Александрия» және «Астана» футбол клубтары бар. 

Техникалық орталықтың тыңдаушылары әр сабақтан соң Владимир Федотов («Сочи»), Андрей Талалаев («Ахмат»), Леонид Слуцкий («Рубин»), Юрий Гура («Александрия») және Срджан Благоевич («Астана») сынды шетелдік бапкерлерге маңызды сауалдарға жауап алды. 

Сонымен қатар Игорь Осинькин (Крылья Советов»), Андрей Талалаев («Ахмат»), Срджан Благоевич («Астана») және  Құрбан Бердыев («Қайрат») сынды бапкерлермен ортақ топта пікір алмасуға мүмкіндік алды. Танымал мамандар футбол философиясы мен ойын үлгісі туралы көзқарастарын білдіріп, маусымға дайындық жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.

Бөлісу
Жоғары