Андрей Карпович: «Уақыт өте аз екенін жақсы түсінеміз»

Андрей Карпович: «Уақыт өте аз екенін жақсы түсінеміз»

09 наурыз 2022, 13:58
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карпович алғашқы сұхбатын Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берді.

– Сенім білдіргені үшін Қазақстан футбол федерациясына алғысымды айтамын. Ұлттық құраманы жаттықтыру - мен үшін үлкен абырой және жауапкершілік. Алға қойылған мақсат - екі ойын қорытындысы бойынша Молдованы жеңіп, УЕФА Ұлттар лигасының «С» дивизионында қалу. Әзірге одан басқа ештеңе жоспарламадық.

Ең алдымен кездесулерге қатысатын ойыншылардың тізімін айқындау қажет. Командаға шақырылатын футболшылар алға қойылған тапсырманы түсіну тиіс. Оң нәтижеге жету үшін ғана жасыл алаңға шығу міндет. Бүгіннен бастап футболшылардың физикалық жағдайын бақылаймыз. Бұл жаттықтырушылар штабының жұмысы. Уақыттың өте аз екенін жақсы түсінеміз.

Өкінішке қарай, Серікжан Мужиков жарақат алып, ұзақ мерзімге қатардан шығып қалды. Біз Қазақстанда жүргендіктен чемпионат пен ойыншылардың барлығын жақсы білеміз. Басты басымдығымыз осы. Барлық үміткерлер бойынша мәліметтер жинап жатырмыз. Футболшылардың ұзартылған тізімі бар, алайда нақты тізім оқу-жаттығу жиынында анықталады. Жаңа ойыншылар шақырылады.

Біздің міндет – ойын тәжірибесі бар және алдағы қос ойында нақты тапсырмаларды орындай алатын мықты футболшыларды жинау, – деді Андрей Карпович.

Бөлісу
Жоғары