Қазақстан – Молдова ойынының билеттері онлайн сатыла бастады

Қазақстан – Молдова ойынының билеттері онлайн сатыла бастады

14 наурыз 2022, 19:15
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Молдова арасындағы қарымта ойынның билеттері онлайн-сатылымға шыққанын хабарлайды.

Матч 29 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталу уақыты - 20:00.

Назар аударыңыздар! Билеттер онлайн режимде ғана сатылады. Халық көп жиналмас үшін «Астана Арена» касссалары жұмыс істемейді. 

Билеттерді осы жерден сатып аласыздар. 

Бөлісу
Жоғары