Қазақстан ұлттық құрамасы Кишинев қаласына аттанды

Қазақстан ұлттық құрамасы Кишинев қаласына аттанды

22 наурыз 2022, 17:10
УЕФА Ұлттар лигасының өтпелі матчын ойнау үшін Қазақстан ұлттық құрама командасы бүгін Нұр-Сұлтаннан Кишинев қаласына чартерлік рейспен бағыт ұстайды.

Нұр-Сұлтан – Кишинев бағытындағы әуе рейсі шамамен алты сағаттай жүзеге асады. Қазақстан ұлттық құрамасының әуе борты Кишинев уақытымен 23:00-де жергілікті әуежайға қонуға тиіс.

23 наурыз күні сағат 16:30-да (жергілікті уақытпен) Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карповичтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сонымен қатар, сағат 17:00-де «Зимбру» стадионында біздің команданың матчалды жаттығу жұмыстары болады.

Молдоваға қарсы ойын 24 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. 

Кишинев қаласына аттанған ойыншылар тізімі мынандай:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Ақтөбе»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Нұрлан Дайыров («Тараз»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров (барлығы - «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов (екеуі де - «Ақтөбе»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Асхат Тағыберген, Владислав Васильев (екеуі де - «Тобыл»), Айбол Әбікен («Ақсу»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Абылайхан Назымханов («Шахтер»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин («Ротор», Ресей), Абат Айымбетов («Астана»), Роман Мұртазаев («Шахтер»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»).

Бапкерлер штабы: Андрей Карпович – бас бапкердің міндетін атқарушы, Максим Жалмағамбетов – бапкер көмекшісі, Сергей Лабодовский – бапкер көмекшісі, Борис Глушков – дене даярлығы бапкері, Александр Петухов – қақпашылар бапкері, Магомед Нозадзе – сарапшы бапкер, Эльшад Хинизов – бейнеоператор, Нұрлан Битұғылов – дәрігер, Алексей Гудзев – массажист, Евгений Карнаухов – массажист, Александр Шапкин – массажист.

Бөлісу
Жоғары