Қазақстан жастар құрамасының Шотландияға қарсы құрамы
Тізімге енген ойнышылардың саны – 24.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар»), Қажымұқан Төлепберген («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Арсен Буранчиев, Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко (барлығы - «Қайрат»), Сағи Совет («Астана»), Лев Скворцов («Тұран»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Дінмұхаммед Қашкен («Жальгирис», Литва), Александр Широбоков («Қайрат-Мәскеу», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев, Станислав Басманов (екеуі де - «Астана»), Еркебулан Сейдахмет, Данияр Үсенов (екеуі де - «Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Дінмұхаммед Қараман, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де - «Тараз»), Дамир Марат, Жасұлан Қайыркенов (екеуі де - «Ақсу»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»);
Шабуылшылар: Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»);
Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов - аға бапкер, Асқар Ыдырысов - аға бапкердің көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев - аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков - қақпашылардың жаттықтырушысы.
Жаттықтырушылар штабы алдағы ойында жастар құрамасының бірқатар негізгі ойыншыларының көмегіне жүгіне алмайды. Ескертулер санының шамадан тыс болуына байланысты қақпашы Данил Устименко мен қорғаушы Әділбек Жұмаханов кездесуге қатыспайды. «Ақтөбеде» ойнайтын Максим Самородов жарақатынан толық айыққан жоқ. Жартылай қорғаушылар Арман Кеңесов пен Абылайхан Назымханов ұлттық құраманың қатарына шақырту алды.
Қазақстан мен Шотландия жастар құрамалары арасындағы ойын 29 наурыз күні Алматының «Орталық» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.
Айта кетейік, 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Шотландиямен болатын ойынға дайындықты 18 наурыз күні бастайды. Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында Қайрат Нұрдәулетов командасы Қырғызстанның олимпиадалық құрамасымен U-23 жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр.