Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы алғашқы ойынын өткізді
Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының төртінші іріктеу тобындағы алғашқы ойынын Польшамен өткізді.
Кездесудің алғашқы таймы тең аяқталды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Вадим Булдин алтыншы минутта есеп ашты. Алайда, Польша құрамасының капитаны Кацпер Сендлевски үзіліске дейін таразы басын теңестірді.
Екінші таймда Польша құрамасы екі минут ішінде екі гол соғып, басымдыққа ие болды. Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын тең қыла алмады. Екінші голды да Булдин еншісіне жазды.
Футзалдан Еуро-2022 чемпионаты. Іріктеу кезеңі. 4-топ.
Польша U-19 - Қазақстан U-19 - 3:2 (1:1)
Голдар: Сендлевски 14, Үргенішбаев 26 (автогол), Личнерски 28 - Булдин 6, 36;
Польша U-19: Лех, Мура - Личнерски, Сендлевски, Кржемпек, Опатовски, Заяц, Ястржембски, Турковид, Ролл, Мазур, Формела;
Қазақстан U-19: Голубничий, Ипмағамбетов - Булдин, Өтегенов, Үргенішбаев, Әуезов, Сарқыт, Кәрменов, Ким, Бауыржанұлы, Бадан, Қазбеков;
Төрешілер: Велла (Мальта), Чупля (Уэльс);
15.03.2022. Янаккала, Финляндия. Делфорт Арена.