Қазақстан U-21 – Шотландия U-21 матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан U-21 – Шотландия U-21 матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

15 наурыз 2022, 17:35
Қазақстан футбол федерациясы 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Шотландия матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Ойын 29 наурыз күні Алматы қаласының «Орталық» стадионында өтеді. Басталу уақыты – 17:00.

Назар аударыңыз! Билеттерді тек онлайн режимінде сатып алуға болады. Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін «Орталық» стадионының кассаларында билеттер сатылмайды.

Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алсаңыздар болады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары