«Екібастұз», «SD Family» және «Aqtobe City» біріншілікте өнер көрсету рұқсатын алды

«Екібастұз», «SD Family» және «Aqtobe City» біріншілікте өнер көрсету рұқсатын алды

30 наурыз 2022, 16:40
Қазақстан футбол федерациясының сертификациялау істеріне жауап беретін комиссиясының жиналысы өтті.

Отырыс нәтижесі бойынша комиссия:

1. Сертификация ережесінің минималды талаптарын орындағаны үшін футболдан ҚР Бірінші Лига біріншілігіне қатысу жөнінде мына командаларға Сертификат беру жайлы шешім шығарды:

  • «Екібастұз» ФК
  • «Игілік» ФК
  • «Қыран» ФК

2. Сертификация ережесінің минималды талаптарын орындағаны үшін футболдан ҚР Екінші Лига біріншілігіне қатысу жөнінде мына командаларға Сертификат беру жайлы шешім шығарды:

  • «SD Family» ФК
  • «Aqtobe City» ФК
Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары