«Қайрат» – республикалық «Жастар» турнирінің жеңімпазы

«Қайрат» – республикалық «Жастар» турнирінің жеңімпазы

27 наурыз 2022, 21:08
Шымкентте 2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы республикалық «Жастар» турнирінің ақтық кезеңі аяқталды.

Топтық кезең нәтижесі бойынша финалға «Қайрат» пен «Оңтүстік Академиясы» шықты. Шешуші ойында алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Республикалық «Жастар» турнирінің ақтық ойындарының нәтижелері:

7-орын үшін матч

«Қайсар» – «Ақжайық» – 5:0 (1:0)

Голдар: Медеу 16, 46, Болат 46, Әбжами 66, Сабирдин 73

 

5-орын үшін матч

«Алтай» – «Ақсу» – 0:1 (0:0)

Гол: Әбіл 72

Қызыл қағаздар: Матвей Ковалев 69 – Абай Қасаин 69

 

3-орын үшін матч

«Шахтер» – «Тараз» – 0:3 (0:0)

Голы: Өмей 52, 58, Серікұлы 65

 

Финал:

«Қайрат» – «Оңтүстік» – 2:0 (1:0)

Голдар: Дүйсенбек 28, Төлеу 44

Қызыл қағаз: Алексей Доронин 66 («Қайрат»)

 

Командалардың қорытынды кестедегі орындары:

  1. «Қайрат», Алматы қ.
  2. «Оңтүстік», Шымкент қ.
  3. «Тараз», Тараз қ.
  4. «Шахтер», Қарағанды қ.
  5. «Ақсу», Павлодар қ.
  6. «Алтай», Өскемен қ.
  7. «Қайсар», Қызылорда қ.
  8. «Ақжайық», Орал қ.

Ақтық кезең нәтижесі бойынша турнирдің үздік ойыншылары мына номинациялармен анықталды:

Үздік қақпашы: Анатолий Сычев («Қайрат»)

Үздік қорғаушы: Рустам Жанхаев («Шахтер»)

Үздік жартылау қорғаушы: Ильяс Әбіл («Ақсу»)

Үздік шабуылшы: Сұлтан Шымырхан («Оңтүстік»)

Сұрмерген: Димаш Серікұлы («Тараз», 5 гол)

Үздік ойыншы: Карим Махаметжан («Қайрат»)

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары