Қазақстан ұлттық құрамасы Кишиневте жеңіске жетті 

Қазақстан ұлттық құрамасы Кишиневте жеңіске жетті 

25 наурыз 2022, 05:30
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Молдова құрамасын жеңді. Командалардың кездесуі Кишиневте өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Бірінші таймда Ион Николаеску Молдованы алға шығарды. Үзілістен кейін Қазақстан құрамасы есе қайтарып қана қоймай, алға шықты. Алдымен 63-минутта Сергей Малый есепті теңестірді. Араға 16 минут салып қорғаушы Вячеслав Посмак Бахтиёр Зайнутдиновтың соққысын кері қайтарам деп, өз қақпасына гол соқты. 

Командалар қарымта матчты 29 наурызда Нұр-Сұлтанда өткізеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша С дивизионынан шығатын команда анықталады. 

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші жеңіс болды. Бұған дейін қараша айында өткен жолдастық кездесуде Тәжікстан құрамасын ұтқан болатын (1:0).

Молдова – Қазақстан – 1:2 (1:0)

Голдар: Николаеску 45+1 (1:0), Малый 63 (1:1), Посмак автогол 79 (1:2). 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары