Магомед Адиев: «Жауапкершілігі мол, қыруар жұмыс күтіп тұр»
– Қазақстан футбол федерациясына сенім артқаны үшін алғыс айтқым келеді. Жауапкершілігі мол, қыруар жұмыс күтіп тұрғанын жақсы түсінемін.
– УЕФА Ұлттар Лигасының ойын кестесі өте тығыз болмақ. Дайындық қалай жүргізіледі?
– Қысқа мерзім ішінде бірнеше ойын өткіземіз. Сол себепті барлық ойынға кешенді дайындық жүргізу міндет. Мәселен Әзербайжанға дайындалып, Словакияны ұмытпаған абзал. Сондықтан нақты құрылымды анықтап, төрт ойынға тиянақты дайындық жүргізу қажет. Уақыт аз. Ойыншыларды алмастырып отыруға тура келеді. Он бір күннің ішінде төрт матч өтеді. Бапкерлермен сөйлесіп, ақыл-кеңес алып, барлық мәселелерді талқылап отырамыз. Жаңа тәжірибенің жақсы жаңалық екенін де айта кеткен жөн.
– УЕФА Ұлттар лигасында қандай тапсырмалар алға қойылады?
– Федерация тарапынан міндеттер айтылды. Ең бастысы шайқасқа дайын жігіттерді дайындау және команданың ішінде дұрыс қарым-қатынас орнату. Болашақтың негізін бүгінннен бастау шарт. Команданың қатарына жаңа ойыншылар шақырылуы ықтимал. Қысқа мерзім ішінде қаралатын бірнеше үміткерлер бар. Содан соң оларды шақыру туралы шешім қабылдаймыз.
– Бапкерлер штабына кімдер енеді?
– Бапкерлермен сөйлесіп, жаттықтырушылар штабын құруға кірісіп кеттік. Келіссөздер жүргізіп жатқан мамандарда да бар. Бір аптаның ішінде жаттықтырушылар штабын толық құрамыз. Оңай жұмыс емес. Барлық бапкердің бір көзқарасты ұстануы маңызды.
– Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалған кезде жанкүйерлер әрдайым күмәнмен қарайды. Оларға не айтасыз?
– Маған және жаттықтырушылар штабына артылған жауапкершіліктің жүгін жақсы түсінемін. Кез келген нақты сынға дайынбыз. Мақтау сөздер мен айтылған сындар маған ешқашан әсер етпейді. Жұмысымды сапалы істеуге ғана баса назар аударамын. Жанкүйерлерді стадионға жинайтын ұлттық құраманы жасақтағым келеді. Бас бапкерге деген көзқарастарына қарамай, ұлттық құраманы әрдайым қолдауды жалғастырғанын қалаймын. Жанкүйерлерді қолдауы – біздің басты күшіміз.