Қазақстан U-16 құрамасы УЕФА Даму кубогын жеңіспен аяқтады

Қазақстан U-16 құрамасы УЕФА Даму кубогын жеңіспен аяқтады

01 мамыр 2022, 15:10
Қазақстан U-16 жасөспірім құрамасы Эстонияда өтіп жатқан «УЕФА Даму кубогы» халықаралық турнирінің үшінші матчында Фарер аралдары командасын 2:0 есебімен жеңді.

Фарер аралдары U-16 – Қазақстан U-16 – 0:2 (0:2)

Голдар: Әділет Өмей 42, Ілияс Әбіл 44

Қазақстан U-16: Әлихан Жанай (қ), Елжан Молдахмет, Данияр Ерлан, Әлихан Исраилов (к), Ілияс Әбіл (Әділет Мыңбай 53), Әділет Өмей (Рустам Жанхаев 74), Алан Адахаев (Виктор Лакеев 46) (Димаш Серікұлы 74), Данияр Нәдір (Аруп Саутов 46), Ерлан Тұтқабаев (Бейбарыс Әбділхай 46), Темірлан Ағыманов (Ахметәли Қалтанов 74), Тимур Құрбанов (Хамза Мұхаметәли 46);

Қосалқы құрам: Әбілқайыр Әлиақбар (қ);

Аға бапкер: Александр Кузнецов.

Александр Кузнецовтың шәкірттері УЕФА Даму кубогында екі рет жеңіске жетіп, бір рет пенальти сериясында есе жіберді. 

Қазақстан U-16 – Жаңа Каледония U-16 – 6:0

Қазақстан U-16 – Эстония U-16 – 2:2 (пен. 7:8)

Фарер аралдары U-16 – Қазақстан U-16 – 0:2.

Бөлісу
Жоғары