Қазақстанның УЕФА-дағы 20 жылдығына орай футбол ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды

Қазақстанның УЕФА-дағы 20 жылдығына орай футбол ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды

25 сәуір 2022, 20:11
Талғардағы ұлттық құрамалар базасында ҚФФ Президенті Әділет Барменқұлов отандық футбол ардагерлерімен кездесті.

Федерация басшысы қатысушылардың барлығын Қазақ футболы күнімен және Қазақстанның УЕФА-ға қосылғанына 20 жылдығымен құттықтады. Барменқұлов бүгінде ардагерлердің білімі мен тәжірибесі отандық футболдың даму жолында ұзақ жылдар бойы қызмет атқаратынын атап өтті.

Кездесуден соң футбол ардагерлері мен аймақтық федерациялардың өкілдерінің қатысуымен жолдастық матч ұйымдастырлыды. Ойын 4:2 есебімен ардагерлердің жеңісімен аяқталды.

Бөлісу
Жоғары