Тілекбек Ақбаевтың Қазақстан футбол күніне арналған кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Тілекбек Ақбаевтың Қазақстан футбол күніне арналған кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

25 сәуір 2022, 15:32
2002 жылдың 25 сәуірінде УЕФА-ның Стокгольмде өткен 26-шы конгрессінде Қазақстан Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағына қосылған болатын және Тілекбек Ақбаев Аманшайұлы отандық футболдың тарихи бастауында тұрған адамдардың бірі болды.

Ақбаевтың айтуынша 2000 жылдары еуропалық футбол қатарына ену мүмкін еместей көрінген.

«Қазақстан футбол одағының 20 жыл бұрын УЕФА құрамына кіруіне қатысты оқиғалар осы кітаптың арқауы болып тұр. Бұл кітапта бізге ешкім сенбеген сәтте, мүмкін емес мақсатқа қол жеткізгенімізге дәлел бола алатын құжаттар бар. Біздің, Қазақстан футбол одағының командасы осы нәрсеге жету үшін барлығын жасады» - деп айтты ол.

Сонымен қатар, автор кітаптың неліктен «Уақытты сезіну» деп аталатынын түсіндірді.

«Мен КСРО-ның семсерлесуден спорт шебері болғандықтан, бұл спортта қарсыласқа соққы беру үшін сәтті ұстап қалу деген ұғым бар. Мұны сезіну қажет. Менің өмірімдегі кейбір сәттер маған сол уақытты сезіну қажеттігін айтады. Сонымен бірге мен әкемнің де сезімдерін жеткізгім келді. Меніңше, мен барлығын жасадым» - деді Тілекбек Ақбаев.

Өз кезегінде Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Тілекбек Ақбаевтың кітабының таныстырылымымен құттықтады және оның отандық футболға қосқан теңдессіз үлесі үшін алғысын білдірді.

«Сіздің федерацияның алғашқы вице-президенті ретінде 2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмдегі конгресске қатысуыңызбен, Қазақстан УЕФА құрамына кірді және бұл ел футболының дамуына үлкен жол салып берді!

Сіздің кәсібилігіңіз бен жұмсаған күш-қуатыңыздың арқасында федерация мен оның қызметкерлері Еуропаның белді елдерімен тәжірибе алмасады және озық технологияларды, онымен қоса идеяларды іске асыра алады. Ал қазақстандық жанкүйерлер үшін құрамамыздың әлемнің мықты елдеріне қарсы матчтарын көру мүмкіндігі туды.  

Қазақ футболының деңгейі одан әрі жетіліп, оның қатысушылары - футболшылары, бапкерлері, төрешілері дамып, бізге Еуропа футбол жанұясының алдыңғы қатарынан орын алуға көмектеседі деп үміттенемін. Біз жетістіктерімізді мақтанышпен айтып отырамыз деп ойлаймын» - деді Әділет Назарбайұлы.

Бөлісу
Жоғары