Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА халықаралық турниріне қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА халықаралық турниріне қатысады

18 сәуір 2022, 21:09
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) Отепяда өтетін (Эстония) Халықаралық даму жарысына қатысады.

Біздің жігіттер ҚФФ-ның Талғардағы базасында апталық оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Содан соң Александр Кузнецовтың командасы Эстониядағы жарысқа аттанады және сол жерде Жаңа Каледония, Эстония және Фарер аралдарының құрамаларымен бақ сынасады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ОЖЖ шақыртылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Алихан Жанай («Астана»), Әбілқайыр Әлиақбар («Қайсар»), Анатолий Сычев («Қайрат»);

Қорғаушылар: Елжан Молдахмет, Әлихан Исраилов (екеуі де – «Қайрат»), Данияр Ерлан, Әмір Мәнсүров, Тимур Құрбанов (барлығы – «Жас Қыран»), Рустам Жанхаев, Ерлан Тұтқабаев (екеуі де – «Шахтер»), Бейбарыс Әбділхай («Тараз»);

Жартылай қорғаушылар: Ахметали Қалтанов («Астана»), Эльдар Мақсұтов, Ерасыл Юсупов, Хамза Мұхаметали (барлығы – РСК), Алан Адахаев, Әділет Мыңбай, Сұлтан Шымырхан (барлығы – «Оңтүстік Академиясы»), Данияр Нәдір («Тузласпор», Түркия), Илья Веремеев («Жас Қыран»), Әділет Өмей, Димаш Серікұлы (екеуі де – «Тараз»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Тамерлан Ағиманов («Ақсу»);

Шабуылшылар: Аруп Саутов («Қайрат»), Виктор Лакеев («Жас Қыран»), Нұрсұлтан Абдулла («Каспий»), Ілияс Әбіл («Ақсу»), Дияр Қадырқұлов («Аланьяспор, Түркия»);

Бапкерлер штабы:

Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Дмитрий Юрков – аға бапкердің көмекшісі, Азат Құрманов – қақпашылар бапкері.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойындар күнтізбесі:

26.04.2022 | 18:00

Қазақстан U-16 – Жаңа Каледония U-16

28.04.2022 | 21:00

Қазақстан U-16 – Эстония U-16

01.05.2022 | 13:00

Фарер аралдары U-16 – Қазақстан U-16

(Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген)

Бөлісу
Жоғары