Қазақстан қыздар құрамасы Эдинбургте Эстонияны ұтты
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің топтық кезеңінің үшінші кездесуін Эстониямен өткізді.
Ойынның он үшінші минутында Қазақстан құрамасының болашағы Нұрсұлу Балжанның соққан голы кездесу тағдырын шешті.
Матч соңына дейін Орынбасар Дәуренбекова жаттықтыратын команда басымдықты сақтап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Бүгінгі жеңіс елімізде қыздар футболының дамуына серпін берері анық. Кеше ғана ойын мансабын аяқтаған Қазақстан құрамасының жұлдызы Бегайымның орнын балауса Балжан басары сөзсіз.
Айта кетейік, біздің қыздар іріктеу турнирінің алғашқы ойынында Шотландиядан (0:3) жеңілген болатын. Екінші кездесуде Косова (1:2) құрамасына лайықты қарсылық көрсете алды. Бұл ойында қазақ қызы Қазына Норбаева көзге түскен еді.
Өз тобында үшінші орын алған Қазақстан құрамасы енді күзде өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысады. Қарсыластар шілде айында тартылатын жеребеден кейін белгілі болады.