ҚФФ Президенті Футбол үйінде Қазақстан әйелдер құрамасымен кездесті

ҚФФ Президенті Футбол үйінде Қазақстан әйелдер құрамасымен кездесті

06 сәуір 2022, 00:02
Қазақстан футбол федерациясының жетекшісі Әділет Барменқұлов Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншылары және жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

Кездесуде федерация басшысы жаңа стратегияға сәйкес әйелдер футболына ерекше назар бөлінетінін жеткізді.

Сонымен қатар, Әділет Назарбайұлы алда өтетін 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына сәттілік тілеп, команданың жанкүйерлерді қуанта алатынына сенім білдірді.

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев қолдау көрсетіп, оқу-жаттығу жиынын жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғыс айтты. Сонымен қатар, алдағы ойындарда жақсы нәтиже көрсету үшін үлкен күш салуға уәде етті.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары