Қазақстан қыздар құрамасы WU-19 Еуро-2022 іріктеу кезеңіне қатысады

Қазақстан қыздар құрамасы WU-19 Еуро-2022 іріктеу кезеңіне қатысады

04 сәуір 2022, 18:36
Біздің команда екінші іріктеу кезеңінің «В» лигасының төртінші тобында Шотландия, Косово және Эстония құрамаларымен ойнайды.

Ойындардың барлығы Шотландия астанасы Эдинбургте өтеді. 

Былтыр күзде өткен бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орын алды. Топ жеңімпаздары «А» тобына көтеріледі. Ойындар 5-12 сәуір аралығына жоспарланған. 

Қазақстан қыздар құрамасының WU-19 ойын кестесі:

05.04.2022. Шотландия WU-19 – Қазақстан WU-19

08.04.2022. Косово WU-19 – Қазақстан WU-19

11.04.2022. Қазақстан WU-19 – Эстония WU-19

Қазақстан қыздар құрамасы WU-19:

Қақпашылары: Анастасия Хохлова, Арина Орел;

Қорғаушылары: Қазына Норбаева, Ангелина Хабуева, Анелли Легай, Маргарита Талдыкина, Рамина Иманжанова;

Жартылай қорғаушылары: Әсел Жұмағали, Валерия Прохорова, Аида Ердәулетова, Милана Ткач, Сарбиназ Тұрсынқұл, Юлия Бут, Назмина Сағатова, Лунара Мыңжасар, Малика Білісбек;

Шабуылшылар: Нұрсұлу Балжан, Аделя Абжан, Полина Осипова, Яна Романова;

Жаттқтырушылар штабы:

Орынбасар Дәуренбекова – аға бапкер, Ксения Постовая – аға бапкердерің көмекшісі, Рамиль Хамитов – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары