Қазақстанда ҚФФ бастауымен футболдан қыздарға арналған «Менің ойыным» атты фестиваль бастауын алды

Қазақстанда ҚФФ бастауымен футболдан қыздарға арналған «Менің ойыным» атты фестиваль бастауын алды

01 сәуір 2022, 20:03
Қазақстан футбол федерациясы ҚР БҒМ-нің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен бірлесіп футболдан 9-14 жастағы қыздарға арналған «Менің ойыным» УЕФА фестивалін өткізуде.

Іс-шара елдің барлық жерінде өткізілетін болады. Алғашқы фестивальдар 26 наурызда Шымкентте және 30 наурызда Түркістан облысында өтті және оған 289 қыз қатысты.

Шара барша қатысушыға жақсы атмосфераға еніп, жағымды көңіл-күймен қуаттануға өз септігін тигізді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары