Қазақстан әйелдер құрамасының матчтарына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

Қазақстан әйелдер құрамасының матчтарына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

05 сәуір 2022, 13:24
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2023 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасының Словения мен Уэльске қарсы өтетін ойындарына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы кездесу 8 сәуір күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. Сонымен қатар 12 сәуір күні Айтбай Жамантаевтың шәкірттері «Астана Аренада» Уэльс командасына қарсы ойнайды. Басталу уақыты – 19:00.

Аккредитацияларды 7 сәуір күнгі баспасөз маслихатында алуға болады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары