Қазақстандық төрешілер Италия — Литва матчына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер Италия — Литва матчына тағайындалды

07 сәуір 2022, 20:35
Әйелдер арасында 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Италия мен Литва арасындағы кездесуге тағайындалған төрешілер тобы анықталды.

Матчтың бас төрешісі біздің отандасымыз Эльвира Нұрмұстафина болмақ. Оның қос қапталдағы көмекшілері Динара Ыдырысова және Сергей Калачев, төртінші рефери — Саят Қарабаев.

Италия — Литва ойыны 8 сәуір күні Парма қаласында өтеді. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары