Рахмет, Бегайым!

Рахмет, Бегайым!

08 сәуір 2022, 21:12
Қазақ қыздар футболының жұлдызы Бегайым Қырғызбаева ойын мансабын ресми аяқтады.

Словениямен өткен кездесу алдында ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитанын ұлттық құраманың бас бапкерінің көмекшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, естелік жейде табыстады. 

Бегайым Қырғызбаева Қазақстан ұлттық құрамасының үздік сұрмергені. 11 дүркін ел чемпионы, 10 дүркін Қазақстан Кубогының иегері.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары