Юлия Мясникова: «Жақын арада біздің құрама жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенемін»
– Юлия, ұлттық құраманың қыркүйек айындағы ойындарынан соң Қазақстан әйелдер құрамасының проблемасы туралы әсерлі жазба қалдырдыңыз. Бұл жолы қандай көңіл-күйде келдіңіз?
– Сәтсіз ойындардан кейін көңіл-күйдің болмауы деп айта аламын. Ұлттық құраманың жеңілістерін ауыр қабылдаймын. Әрдайым жеңіске жеткім келеді. Өкінішке қарай, ұлттық құрамаға көмектесе алатын ойыншылар мансаптарын аяқтады. Жас ойышылардың арасынан іріктеу жүріп жатыр. Жақын арада біздің құрама жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенемін. Қыздардың ұлттық құрамаға махаббаты мол, жеңіске деген жігерлері де орасан.
– Бас бапкердің көмекшісі Бегайым Қырғызбаеваның жұмысына қалай баға бересіз?
– Бегайыммен «БИІК», «Алматы-ҚТЖ» және ұлттық құрамада ойнадық. Кеше ғана бірге ойнаған адаммен жұмыс істеу өте қолайлы. Ол жаңа белеске қадам басты. Сәттілік тілеймін!
– Қазақстанда әйелдер футболының дамуына қандай факторлар ықпал етеді?
– Бүгінде балалар футболына үлкен көңіл бөлініп жатқанын нық айта аламын. Футбол орталықтарында қыздар жаттығып жүр. Ойыншылар мансабын аяқтайды, отбасын құрады және басқа жолды таңдайды. Біздің футболды құтқаратын жастар деп ойлаймын. Бірнеше жылдан соң жалынды жастарды көреміз деп сенемін.