Қазақстандық төрешілер, нұсқаушылар және бапкерлерге VAR бойынша онлайн семинар ұйымдастырылды

Қазақстандық төрешілер, нұсқаушылар және бапкерлерге VAR бойынша онлайн семинар ұйымдастырылды

13 сәуір 2022, 18:01
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және инспекциялау департаменті FIFA нұсқаушысы Фархад Абдуллаевпен VAR жүйесін оқыту бойынша кезекті онлайн семинарды өткізіп жатыр. 

Білім беру семинарына OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатына 8 нұсқаушы, 26 бас төреші және 46 ассистент қатысуда. Сонымен қатар дәріс алуға алғаш рет VAR операторлар шақырылды.

Жиынға қатысушылар келесі өзекті мәселелерді талқылауға кірісті: «VAR – кешенді эпизодтар», «Қиын эпизодтарды баяндау», «Допты қолмен ойнау», «VAR – басқару және коммуникация».

«Қазақстандық төрешілер мен мамандар UEFA және FIFA өткізетін әртүрлі семинарларға тұрақты қатысып келеді. 2021 жылы VAR жүйесін енгізу бойынша 15 онлайн семинар ұйымдастырылды. Бұл жолы білім беру курсын FIFA өткізуде. Білім беру бағдарламасы біздің төрешілердің біліктілігін көтеріп, нақты шешім қабылдауға көмектеседі», - дейді ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің үйлестірушісі Хуан Фернандес Марин.

Федерацияда атқарылған жұмыстардың арқасында төрт нұсқаушы оқу бағдарламасын аяқтап, FIFA сертификатын алды. Олар енді VAR бойынша ішкі семинарларды өткізіп, сабақ бере алады. 

Сонымен қатар VAR хаттамасын түсіндіру бойынша Премьер-лига футбол клубтарының бас бапкерлеріне арналған қосымша онлайн семинар өтті. 

Бөлісу
Жоғары