ҚФФ және QCF FIFAe Nations Series 2022 іріктеу кезеңіне тіркелу басталғанын хабарлайды

ҚФФ және QCF FIFAe Nations Series 2022 іріктеу кезеңіне тіркелу басталғанын хабарлайды

20 сәуір 2022, 17:20
2v2 форматындағы халықаралық FIFA 22 киберспорт турнирінің іріктеу кезеңіне тіркелу 22 сәуір 23:59-ға дейін жалғасса, іріктеу турнирінің өзі 23 сәуірде басталады.

Тіркеу мына сілтеме бойынша қолжетімді: invite.cm

Сондай-ақ, әрбір қатысушы discord.gg сілтемесі бойынша Qazaq Cybersport Federation Discord арнасына қосылуы керек. Әрі қарай, «Fifa ойыншысы» рөлін таңдау керек, содан кейін «fifa-nations-series-2022» арнасында дәл сол рөлді таңдау керек. Барлық сұрақтарыңызды осы Discord серверінде қоюға болатынын қосамыз.

Турнирді FIFA-ның қолдауымен Қазақстан футбол федерациясы мен Qazaq Cybersport федерациясы бірлесіп өткізеді.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу
Жоғары