FIFAe Nations Series 2022 іріктеу кезеңі аяқталды

FIFAe Nations Series 2022 іріктеу кезеңі аяқталды

28 сәуір 2022, 11:55
Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан киберспорт федерациясы халықаралық киберспорт аренасында ел намысын қорғайтын спортшыларды анықтап, олардың есімдерін жариялайды.

Іріктеу жеңімпаздары: Ақназар "aka_nolito" Бексейітов, Абылайхан "abodykz" Абдықадыр және Олжас "ZhasikFIFA09" Есентаев (қосалқы құрам).

Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда Таяу Шығыс және Африка аймағындағы FIFAe Nations Online Qualifier «A» тобына енгенін хабарлаймыз:

  • Қазақстан
  • Қатар
  • БАӘ
  • Грузия
  • Бахрейн
  • Марокко

Іріктеу кезеңін ФИФА қолдауымен Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан киберспорт федерациясы бірлесіп өткізді.

Бөлісу
Жоғары