«YELEU CUP» халықаралық турнирі аяқталды

«YELEU CUP» халықаралық турнирі аяқталды

08 мамыр 2022, 18:00
Футзалдан әуесқой және кәсіпқой командалар қатысатын жарыс 2002 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 5 және 8 мамыр аралығында футзалдан «YELEU CUP» халықаралық турнирі өтті. 

Жарысқа Қазақстан және көршілес елдерден 16 команда қатысты.

Мерейтойлы турнирде Ресейдің «Макушино» командасы топ жарды. Олар финалда елордалық «Сайран» командасын 1:0 есебімен ұтты.

Турнирдің салтанатты жабылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов қатысты. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары