Қазақстан – Әзербайжан ойынының билеттері онлайн сатыла бастады

Қазақстан – Әзербайжан ойынының билеттері онлайн сатыла бастады

18 мамыр 2022, 16:00
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ойынының билеттері онлайн-сатылымға шыққанын хабарлайды.

Матч 3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталу уақыты - 20:00.

Назар аударыңыздар! Билеттер онлайн режимде ғана сатылады. Халық көп жиналмас үшін «Астана Арена» касссалары жұмыс істемейді. 

Билеттерді осы жерден сатып аласыздар. 

Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ші ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 

Бөлісу
Жоғары