Қазақстан әйелдер құрамасының Эстониядағы болған ойыналды жаттығуынан фоторепортаж

Қазақстан әйелдер құрамасының Эстониядағы болған ойыналды жаттығуынан фоторепортаж

28 маусым 2022, 10:26
Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының ӘЧ-2023 іріктеу кезеңі аясында Эстониямен өтетін матчының алдындағы жаттығуынан фоторепортажды назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан әйелдер құрамасы Эстонияға Алматы – Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Таллин бағытымен жетті. Біздің қыздар алғашқы жаттығуын «Пярну Раннастаадион» стадионында өткізді. Эстония – Қазақстан матчы 28 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де өтеді.

Ойында Италия төрешілері қызмет атқарады – Сильвия Гасперотти, Тизиана Траскьятти және Нида Хадер.

Ойынға қатысатын футболшылардың нақты тізімі:

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Шымкент»), Ангелина Портнова («Адана Идман Юрду», Түркия), Назым Исмаилова («Хатайспор», Түркия);

Қорғаушылар: Александра Бурова, Мария Демидова (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Әйгерім Айтымова, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (барлығы – «Томирис-Тұран»), Анастасия Власова, Жансая Қазиева, Назерке Шалмұханбетова (барлығы – «Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Фатима Сатығалиева, Әсем Қаражанова (екеуі де – «Оқжетпес»), Маргарита Талдыкина (№17 БЖМОРСМ), Екатерина Бабшук, Қазына Норбаева («БИІК-Шымкент»), Әселхан Тұрлыбекова («Томирис-Тұран»);

Шабуылшылар: Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»), Светлана Бортникова («БИІК-Шымкент»), Нұрсұлу Балжан (№17 БЖМОРСМ).

Бөлісу
Жоғары