БАҚ өкілдеріне арналған 2022 жылғы Әлем чемпионатының аккредитациясы туралы ақпарат

БАҚ өкілдеріне арналған 2022 жылғы Әлем чемпионатының аккредитациясы туралы ақпарат

28 маусым 2022, 15:00
ФИФА Медиаканалында Катардағы 2022 жылғы Әлем чемпионатынан ақпарат тарату үшін БАҚ өкілдеріне арналған аккредитация жүріп жатыр.

Қазақстан тарапынан аккредитация алуға өтінімдерді ҚФФ баспасөз қызметінің press@kff.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Барлық ұсынымдарды ҚФФ және ФИФА қарайды. Сондай-ақ, турнирдің ұйымдастыру комитетінің қауіпсіздік тексерісінен міндетті түрде өтеді.

БАҚ өкілдерін тіркеу 2022 жылдың 15 шілдесі сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) жүзеге асырылады.

Аккредитация алуға өтінімдер аты-жөні, төлқұжат деректері толық жазылған хат түрінде қабылданады. Сондай-ақ, басылымның ресми бланкісінде редакцияның байланыс деректері көрсетілген, басшының қолы қойылған және мөрмен расталған хаттар ағылшын тілінде қабылданады. Хатта міндетті түрде функцияларды көрсету керек (жазушы журналист немесе фотограф).

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген аккредитация алуға жіберілген өтінімдер қарауға қабылданбайды.

Квоталар саны шектеулі. Берілген өтінімдер қосымша қаралады және жеке хабарланады.

Бөлісу
Жоғары