«Тобыл» – «Ақтөбе» матчының төрешілері ауысты

«Тобыл» – «Ақтөбе» матчының төрешілері ауысты

16 шілде 2022, 00:27
Алматыдан Қостанайға бағытталған рейстің кейінге қалдырылуына байланысты Olimpbet-Қазақстан Кубогының «Тобыл» мен «Ақтөбе» арасындағы төрешілер тобына өзгерістер енгізілді.

VAR көмекшісі Сергей Ноженконың (Талдықорған) орнына Сәкен Байымбет (Тараз) тағайындалды, ал бас төреші Денис Тевяшовтың қапталдағы көмекшісі Алексей Шабановтың (Алматы) орнын Дмитрий Будниченко (Екібастұз) басады. 

Olimpbet-футболдан Қазақстан Кубогы. Топтық кезең

2-тур

16 шілде 2022 жыл

Төрешілер: Тевяшов Денис (Орал), Бейжанов Рүстем (Петропавл), Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

VAR төреші: Байымбет Сәкен (Тараз)

AVAR көмекші: Сысоев Антон (Көкшетау)

Қосалқы төреші: Ысқақов Санжар (Қостанай)

Инспектор: Бородин Сергей (Қарағанды)

Бөлісу
Жоғары