«Қайрат» пен «Аяттың» қарсыластары белгілі болды

«Қайрат» пен «Аяттың» қарсыластары белгілі болды

08 шілде 2022, 23:13
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, осы жарыста ел намысын қорғайтын алматылық «Қайрат» пен рудныйлық «Аяттың» қарсыластары анықталды.

Қазақстандық қос клуб жарысты негізгі іріктеу кезеңінен бастайды.

Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат» командасы бірінші топқа түсті. Қарсыластары – «Спортинг Париж» (Франция), «Спортинг-Андерлехт» (Бельгия) және «Мальорка» (Испания). Ойындар Бельгияда өтеді.

Екінші топқа түскен «Аят» командасы Хорватияның қос ұжымы «Ново Время» және «Пула» ойыншыларына қарсы тұрады. Үшінші қарсыласы – португалиялық «Спортинг». Бұл топтың матчтарын Хорватия қабылдайды.

Негізгі іріктеу кезеңінің ойындары 25 және 30 қазан аралығында өтеді. Әр топтың үш үздік командасы келесі кезеңге шығады. Элиталық кезеңнің кездесулері 22-27 қараша аралығына жоспарланған.

Бөлісу
Жоғары