ҚФФ Техникалық орталығы УЕФА «В» лицензиясының кезекті кезеңін ұйымдастырды

ҚФФ Техникалық орталығы УЕФА «В» лицензиясының кезекті кезеңін ұйымдастырды

04 шілде 2022, 09:56
УЕФА «В» лицензиясының бапкерлеріне арналған дәрістің бесінші модулі Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Үш күнге созылған семинарда қатысушылар жаттығу процесінің әртүрлі тараптарын зерттеп, саралау жұмыстарын жүргізді.

Алғашқы күні тыңдаушылар төртінші модулдің жұмыстарын қорытындылап, содан соң жаңа бағдарламаны бастады. Қарапайым және қиын қозғалыстар арқылы жылдамдықты дамыту, жаттығу процесін кезең-кезеңмен ұйымдастыру, сонымен қатар бапкерлерге арналған жаттығу жұмыстарын дұрыс жолға қою сұрақтарын қарастырды. 

Бапкерлер екінші күні шабуылдағы ойынды ұйымдастыру мен екінші аймақтағы топтың жұмыстарын талқылады. Сонымен қатар орталық алаң арқылы ауысу мен комбинациялық ойынның негіздеріне тоқталды. 

Семинарда жаттықтырушылардың маңызды бөлігінің бірі жаттығу процестерін талдау болды. Дәріс алып жатқа бапкерлер жаттығу процесін құру және жоспарлау жұмыстарымен айналысты. Курс соңында қатысушыларға үй тапсырмалары берілді. Оның қорытындысы келесі модульде талқыға түседі. 

Бөлісу
Жоғары