Рикардо Кака: «Біздің топқа қиын қарсыластар түсті»

Рикардо Кака: «Біздің топқа қиын қарсыластар түсті»

07 шілде 2022, 20:48
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің жеребесін қорытындылады. 

«Біздің топқа қиын қарсыластар түсті. Қазақстан құрамасын жаттықтырған сәттен бастап Словениямен үшінші рет жолығып отырмыз. Алғашқы екі ойын біз үшін ауыр болды. Екі кездесуде де таңдаулы құраммен шыға алмадық. Осы жолы Словениямен өтетін ойынға жақсы формада толық жиналамыз деп үміттенемін. 

Черногория туралы айтар болсақ, бүгінгі футзалда кез келген қарсыласты бағалау қажет. Олармен алғаш рет ойнаймыз. Сырт алаңда Қазақстан құрамасының ойынына баса назар аударылады деп ойлаймын. Футзал ойнауды бәрі үйренді. Спорттың бұл түрі бір орында тұрған жоқ. Осы ойындардың барлығына салмақты дайындық жүргізіп, қарсыласты толық зерттейміз», – дейді бапкер. 

Бөлісу
Жоғары