Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

07 шілде 2022, 18:17
Швейцарияның Ньон қаласында 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің негізгі кезеңінің жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бесінші топқа түсіп, Словения және Черногория құрамаларымен ойнайтын болды.

Негізгі іріктеу кезеңі 12 топтан тұрады. Бұл раундтың ойындары қыркүйек айында басталып, наурыз айында аяқталады. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған төрт үздік команда тікелей элиталық кезеңге шығады.

Екінші орын иеленген қалған сегіз команда өтпелі ойындар арқылы тағы төрт жолдаманы сарапқа салады.

Бөлісу
Жоғары