Қазақстан құрамасы жағажай футболынан Еуролига-2022 жарысына қатысады

Қазақстан құрамасы жағажай футболынан Еуролига-2022 жарысына қатысады

21 шілде 2022, 19:32
Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Кишиневте (Молдова) өтетін Еуропа лигасының (EBSL) Промофиналында ойнайды.

Біздің команда рейтингке сәйкес «В» дивизионынан бастайды. Қазақстан құрамасы жеребе қорытындысы бойынша «С» тобына түсіп, Грекия, Норвегия және Грузиямен ойнайтын болды.

Еуролига жарысы 2023 жылы Польшаның Краков қаласында өтетін үшінші Еуропа ойындарының іріктеу кезеңі болмақ. Сол жарысқа қатысушылар:

  • Польша (жарыс иелері)
  • Еуролига-2022 суперфиналының алты үздік құрамасы
  • «В» дивизионының ең үздік құрамасы

Сонымен қатар, «В» дивизионының төрт үздік командасы 2023 жылы 16 құрамадан тұратын «А» дивизионында өнер көрсетеді.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының бас бапкері Болат Әленов команданың кең құрамын жариялады:

Виктор Чорный (қ), Всеволод Гаврилов (қ), Дмитрий Перевертов, Станислав Макагон, Денис Гулый, Тимур Ершин, Роман Богданов, Баянбек Муралинов, Виталий Тюльпа, Рүстем Мақажанов, Асқар Әжікенов, Аңсат Мұратұлы, Игорь Демешко, Дурхан Алданов;

Жаттықтырушылар штабы: Болат Әленов – бас бапкер, Дархан Смайылов – бас бапкердің көмекшісі.

Еуролига-2022 топтық кезеңі. Қазақстан құрамасының күнтізбесі:

27.07.2022

Қазақстан – Норвегия – 15:00

28.07.2022

Қазақстан – Грузия – 15:00

29.07.2022

Грекия – Қазақстан – 19:00

30.07.2022

Жартылай финал ойындары

31.07.2022

3-орын үшін матч

Финал

(Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген)

Бөлісу
Жоғары