Қазақстан мен Эстония әйелдер құрамаларының матчы Қарағандыда өтеді

Қазақстан мен Эстония әйелдер құрамаларының матчы Қарағандыда өтеді

09 тамыз 2022, 20:20
Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы 2023 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында қорытынды ойынын Эстониямен өткізеді.

Кездесу 6 қыркүйекте Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионында өтеді. Матч жергілікті уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Эстониямен кездесуге дейiн біздің команда Словенияға қарсы қонақта ойнайды. Ойын 2 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де Словенияның Крань қаласында өтеді.

Бөлісу
Жоғары