Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига жарысын аяқтады

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига жарысын аяқтады

31 шілде 2022, 21:40
Болат Әленов командасы «А» дивизионына жолдама алды.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига-2022 турнирінің қола жүлдесіне Грекиямен таласты. 

Бұл ойынға жарақаттарына байланысты Станислав Макагон мен Игорь Демешко қатыса алмады. Сонымен қатар ескертуге байланысты Асқар Әжікенов ойнаған жоқ.

Кездесуде Грекия құрамасы 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан құрамасы «В» дивизионының үздік төрттігіне еніп, Еуролига-2023 маусымының жоғары дивизионына шықты. 

Қазақстан – Грекия – 3:5 (1:1, 0:1, 2:3)

Голдар: Муралинов 4, Ершин 29, Гулый 32 – Катсоулис 11, 14, Цитсарис 27, Николаоу 30, Трянтафиллидис 35

Алаңнан қуылған: Муралинов 30

31.07.2022. Үшінші орын  үшін ойын. Негізгі стадион, Кишинев, Молдова.

Бөлісу
Жоғары