Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига жарысын жеңіспен бастады

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига жарысын жеңіспен бастады

27 шілде 2022, 16:19
Турнир Молдова астанасы Кишиневте өтіп жатыр.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига-2022 жарысын жеңіспен бастады. Біздің құрама «Б» дивизионының «С» тобында ойнайды. Қарсыластары – Норвегия, Грузия және Грекия.

Алғашқы ойында біздің ойыншылар Норвегияны 7:3 есебімен ұтты.

Қазақстан – Норвегия – 7:3

Голдар: Тюльпа 4, Макагон 16, Муралинов 20, Әжікенов 25, Перевертов 30, Демешко 32, Богданов 34 –  Демешко 5 (автогол), Аано 28, Ли 32;

27.07.2022. Еуролига, «Б» дивизионы.

Негізгі стадион. Кишинев, Молдова.

 

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 28 шілде күні Грузияға қарсы өткізеді. Ойын елорда уақытымен 15:00-де басталады. Трансляцияны осы жерден қарауға болады.

Бөлісу
Жоғары