FIFAe Nations Cup 2022 жарысы тікелей эфирде көрсетіледі

FIFAe Nations Cup 2022 жарысы тікелей эфирде көрсетіледі

25 шілде 2022, 16:27
Біздің құраманың ойындарын Қазақстан футбол федерациясының YouTube желісінен толық тамашалауға болады. Трансляцияны ҚФФ мен QCF бірлесіп ұйымдастырып отыр.

FIFAe Nations Cup 2022 жарысының финалдық кезеңі 27 мен 30 шілде аралығында Копенгагенде өтеді. Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі қарсыластары - Португалия, Израиль, Канада, Испания және Оңтүстік Корея. Халықаралық аренада ел намысын Олжас Есентаев (Жезқазған) мен Ақназар Бексейітов (Қарағанды) қорғайды.

Ойын кестесі: 

27 шілде

1-тур. Испания - Қазақстан. Басталуы - 15:05

2-тур. Қазақстан - Канада. Басталуы - 15:30

3-тур. Португалия - Қазақстан. Басталуы - 15:55

4-тур. Қазақстан - Израиль. Басталуы - 16:40

5-тур. Қазақстан - Оңтүстік Корея. Басталуы -  17:05

28 шілде

6-тур. Қазақстан - Испания. Басталуы - 15:05

7-тур. Канада - Қазақстан. Басталуы - 15:30

8-тур. Қазақстан - Португалия. Басталуы - 15:55

9-тур. Қазақстан - Израиль. Басталуы - 16:40

10-тур. Оңтүстік Корея - Қазақстан. Басталуы -  17:05

Бөлісу
Жоғары