Қазақстандық төрешілер Лига конференция ойынына қазылық етеді

Қазақстандық төрешілер Лига конференция ойынына қазылық етеді

27 шілде 2022, 13:10
28 шілде күні УЕФА Лига конференциясының екінші іріктеу кезеңінде Чукарички (Сербия) мен Расинг Л (Люксембург) командалары арасында қарымта матч өтеді. Сол ойынға төрелік етуге қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды.

Бас төреші – Болат Сариев (Орал). Оның көмекшілері – Сергей Васютин (Алматы) және Сергей Калачев (Атырау). Төртінші төреші – Эльвира Нұрмұстафина (Теміртау).

Матч Баново брдо (Белград, Сербия) стадионында өтеді.

Бөлісу
Жоғары